Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Халықаралық Олимпиада комитеті Ресей мен Беларусь спортшыларын Париж Олимпиадасына шақырған жоқ

Опубликовано:

Халықаралық Олимпиада комитетінің туы
Халықаралық Олимпиада комитетінің туы. Фото: olympic.kz

Халықаралық Олимпиада комитеті Ресей мен Беларусь спортшыларын белгіленген мерзімде Олимпиадаға шақырмайды. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

26 шілде күні ХОК 203 Ұлттық Олимпиадалық комитетке Париж Олимпиадасының шақыртуын жібереді. Ал Ресей мен Беларусьтің олимпиадалық комитеті бұл тізімге енген жоқ.

Мұндай шешімнің қабылдануына ХОК-тің Украинадағы қақтығысқа қатысты Ресей мен Беларусь спортшыларына салынған санкция әсер еткен.

Сондай-ақ ХОК 2022 жылдың қыркүйегінде ұйымнан шеттетілген Гватемалының ұлттық олимпиадалық комитетіне шақырту жібермейді.

Халықаралық Олимпиада комитеті Ресей мен Беларусь спортшыларының Париж Олимпиадасына қатысу-қатыспауы тиісті уақытында шешілетінін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2028597-xalyqaralyq-olimpiada-komiteti-resei-men-belarus-sportsylaryn-pariz-olimpiadasyna-saqyrgan-zoq/

pixel