Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда үстел теннисінен халықаралық турнирдің қашан өтетіні белгілі болды

Опубликовано:

үстел теннис
Фото: pixabay.com

Алматы қаласы алғаш рет үстел теннисінен жасөспірімдер арасындағы бес жас санатында өтетін “WTT Youth Contender Almaty” рейтингтік халықаралық турнирін қабылдайды. Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясы хабарлайды.

Байрақты бәсекеже 25-28 шілде күндері өтпек.

Жүлделі орындар үшін күреске әлемнің 13 елінен, атап айтқанда Қытайлық Тайбэй, Гонконг, АҚШ, БАӘ, Италия, Бельгия, Оман, Иран, Үндістан, Қырғызстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Қазақстаннан 159 спортшы қатысады.

Айта кетейік, бұл жарысқа Қазақстан сапынан жасөспірімдер құрамасының көшбасшылары Алан Құрманғалиев пен Сарвиноз Миркадирова қатыспақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2029500-almatyda-ustel-tennisinen-xalyqaralyq-turnirdin-qasan-otetini-belgili-boldy/

pixel