Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық теннисші Чехиядағы турнирдің жартылай финалына шықты

Опубликовано:

Жібек Құламбаева
Жібек Құламбаева кортта. Фото: Қазақстанның теннис федерациясы

Жібек Құламбаева Чехияның Оломоуц қаласында өтіп жатқан ITF W60 турнирінің келесі кезеңіне жолдама алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Ширек финалда отандық теннисші латвиялық Дарья Семенистаямен бірге жарыс қожайындары Анета Лабуткова - Ивана Себестовамен шеберлік байқасты.

Матчта қазақстандық-латвиялық жұп қарсыластарынан 6:4, 6:2 есебімен басым түсіп, Оломоуц қаласында өтіп жатқан ITF W60 турнирінің келесі кезеңіне шықты.

Олар бұған дейін румыниялық Карола-Патриция Беженару - франциялық Тифани Лемайтреден айласын асырған еді.

Жібек Құламбаева мен Дарья Семенистаяның жартылай финалдағы қарсыластары енді анықталмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2029529-otandyq-tennissi-cexiyadagy-turnirdin-zartylai-finalyna-syqty/

pixel