
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 53-ракеткасы Александр Недовесов Швецияның Бастад қаласында өтіп жатқан ATP 250 турнирінің финалына шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Отандық теннисші эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге турнирдің жартылай финалында италиялықтар Симоне Болелли - Андреа Вавассоримен шеберлік байқасты.
Тартысты өткен ойында қазақстандық-эквадорлық жұп 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Енді Александр Недовесов пен Гонсало Эскобар финалда португалиялық Франсишку Кабраль - бразилиялық Рафаэль Матоспен ойнамақ.
Айта кетейік, бұл - қазақстандық теннисшінің жұптық сында АТР 250 додаларындағы бесінші финалы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2029642-qazaqstannyn-birinsi-raketkasy-sveciyadagy-turnirdin-finalyna-syqty/