jitsu gif
Спорт

    Қазақстанның бірінші ракеткасы тарихи нәтижеге қол жеткізді

    Недовесов
    Фото: Қазақстанның теннис федерациясы

    Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) рейтингті жаңартты. Бұл туралы Қазақстанның теннис федерациясы хабарлайды.

    Ерлер арасында Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 27-ден 26-орынға көтерілді.

    Тимофей Скатов 134-тен 136-ға, Михаил Кукушкин 223-тен 229-ға, Бейбіт Жұқаев 242-ден 270-ке төмендеді.

    Жұптық сында алғаш рет ATP 250 турнирінің чемпионы атанған Александр Недовесов 53-тен 8 саты жоғарылап, әлемнің 45-ракеткасы атанды. Бұл – оның үздік көрсеткіші. Недовесов осыған дейін 48-орыннан аса алмап еді.

    Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сындағы рейтингтің жаңартылған нұсқасын жариялады.

    Үздік үштік өзгеріссіз қалған: көш басында польшалық Ига Швентек, одан кейін Беларусь өкілі Арина Соболенко және үздік үштікте Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина. Тағы бір отандық теннисші Юлия Путинцева екі орын жоғарылап, 58-сатыға жайғасты.

    Қазақстанның жұптық сындағы үздік теннисшісі Анна Данилина 25-орындағы орнын сақтап қалса. Жібек Құламбаева жеті орын жоғарылап, 179-орында тұр.

    Қазақстанның бірінші ракеткасы тарихи нәтижеге қол жеткізді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.