Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тарихи сәт: 21 жастағы спортшы Олимпиаданың 23 дүркін чемпионы орнатқан рекордты жаңартты

Опубликовано:

Леон Маршан мен Майкл Фелпс
Леон Маршан мен Майкл Фелпс. Фото: worldaquatics.com

Су спорты түрлерінен Жапонияның Фукуоки қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында франциялық спортшы жаңа рекорд орнатты. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Франциялық Леон Маршан 400 метрге кешенді жүзуден жаңа әлемдік рекорд орнатты. Ол әлем біріншілігінің финалында 4 минут 2,5 секунд нәтижесін көрсеткен.

Күмісті америкалық Карсон Фостер, қоланы жапондық Даийа Сето иеленді.

Аталған қашықтықтағы бұған дейінгі рекорд Олимпиаданың 23 дүркін чемпионы, америкалық Майкл Фелпске тиесілі болған.

Ол 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасында 400 метрге кешенді түрде жүзуден 4.03,84 секундты тіркеп, рекорд орнатқан еді.

Ал Леон Маршан 21 жаста. Ол үш дүркін әлем чемпионы атанды. Сондай-ақ оның еншісінде бір күміс медаль бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2029825-tarixi-sat-21-zastagy-sportsy-olimpiadanyn-23-durkin-cempiony-ornatqan-rekordty-zanartty/

pixel