jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Михаил Кукушкин Астанадағы турнирдің келесі кезеңіне шықты

    Михаил Кукушкин
    Михаил Кукушкин. Фото: Андрей Ударцев/ktf.kz

    Михаил Кукушкин Астанадағы турнирдің келесі кезеңіне шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Елордадағы ATP Challenger турнирінің алғашқы айналымында отандық теннисші Ресей өкілі Евгений Тюрневпен шеберлік байқасты.

    Матчта Михаил Кукушкин 6:2, 6:0 есебімен қарсыласын қиындықсыз ұтты.

    Енді екінші айналымда қазақстандық теннисші жапониялық Рента Токудамен ойнайды.

    Айта кетейік, президент кубогы 2007 жылы халықаралық мәртебеге ие болды. Әр жылдары қазақстандықтар Михаил Кукушкин мен Андрей Голубев, украиналық Илья Марченко, аустриялық Себастьян Оффнер, Германия құрамасының қазіргі капитаны Райнер Шуттлер, Аустралия ашық чемпионаты мен Ролан Гарростың жеңімпазы, хорватиялық Иван Додиг, жұптық сында "Үлкен дулыға" турнирінің екі дүркін чемпионы, қытайлық Чжан Шуай секілді теннисшілер үздік шықты.

    Михаил Кукушкин Астанадағы турнирдің келесі кезеңіне шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.