jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық теннисші Германиядағы турнирдің ширек финалына шықты

    Анна Данилина
    Анна Данилина кортта: Қазақстанның теннис федерациясы

    Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 25-ракеткасы Анна Данилина Германияның Гамбург қаласында өтіп жатқан WTA 250 турнирінің ширек финалына шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Турнирдің алғашқы айналымында отандық теннисші ресейлік Александра Пановамен бірге италиялық Нурия Бранкаччи - грекиялық Деспина Папамихаилмен шеберлік байқасты.

    Бір сағатқа жуық уақытқа созылған матчта қазақстандық-ресейлік жұп қарсыластарын 6:0, 6:2 есебімен ұтты.

    Енді олар Гамбург қаласында өтіп жатқан WTA 250 турнирінің жартылай финалына шығу үшін аустриялықтар Мелани Клаффнер - Синья Крауспен ойнамақ.

    Қазақстандық теннисші Германиядағы турнирдің ширек финалына шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.