Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мәнерлеп сырғанаудан чемпион атанған спортшы айықпайтын дертке шалдықты

Опубликовано:

Бетина Попова мен Сергей Мозгов
Бетина Попова мен Сергей Мозгов. Фото: instagram/mozgov_sergey

Мәнерлеп сырғанаудан 2019 жылғы Универсиада чемпионы, ресейлік Сергей Мозгов спортпен не үшін қоштасқанын айтты. Ол ауыр дертке шалдыққан, деп хабарлайды rsport.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Мозгов 2020 жылы спорттық мансабын аяқтады. Кейін белгілі болғандай, оған Бехтерев дерті диагнозын қойған.

"Жаңа жылда менің дене қызуым 39 градусқа көтерілді. Аяқ-қолым ісіп, жүре алмай қалды. Кейін Бехтерев дертіне шалдыққанымды білдім. Бұл тұқым қуалаудан емес, көп жарақат салдарынан пайда болды. Бұл дерт емделмейді. Мен күн сайын формамды сақтау үшін 6-8 таблетка ішемін", - деді ол.

Спортшының айтуынша, ол ауруға үйреніп кеткен.

"Аяғым әлсіздене бастағанда, жұмысты тоқтатамын. Десе де, веломарафондарға қатысып, жаттығу жасап, салауатты өмір салтын ұстанамын", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2030034-manerlep-syrganaudan-cempion-atangan-sportsy-aiyqpaityn-dertke-saldyqty/

pixel