Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Украиналық Олимпиада чемпионы ресейлік қарсыласының қолын алмағаны үшін жарыстан шеттетілді

Опубликовано:

Ольга Харлан
Ольга Харлан. Фото: instagram/olgakharlan

Семсерлесуден әлем чемпионатында украиналық Ольга Харлан жарыстан шеттетілді. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Украиналық сабляшы Ольга Харлан жарыстың 1/32 айналымында ресейлік Анна Смирновамен кездесіп, 15:7 есебімен ұтқан болатын.

Кездесу аяқталған соң ресейлік спортшы украиналықтың қолын алмақ болған. Алайда Украина өкілі қарсыласының қолын алмай, жауап ретінде оған саблясын көрсеткен. Бірнеше секундтан соң ол бұрылып, жарыс алаңынан кетіп қалды.

1/16 финалда Харлан болгариялық споршымен кездесуі керек еді. Алайда ол жарыс жолағына шыққан жоқ.

Халықаралық семсерлесу федерациясының регламентіне сәйкес, Харлан ереже бұзғаны үшін қара карточкамен жазаланбақ. Осылайша, екі айға дейін турнирлерге қатыса алмайды.

Демек, ол Миландағы әлем чемпионатының командалық турнирінен де сырт қалады.

Ольга Харлан саблямен семсерлесуден Бейжің Олимпиадасының чемпионы, Лондон және Рио Олимпиадаларының жүлдегері. Әлемнің алты дүркін, Еуропаның 8 дүркін чемпионы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2030355-ukrainalyq-olimpiada-cempiony-reseilik-qarsylasynyn-qolyn-almagany-usin-zarystan-settetildi/

pixel