Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мені өлтірді": ресейлік спортшының қолын алмағаны үшін жарыстан қуылған украиналық атлет жанайқайын айтты

Жарияланған күні:

Ольга Харлан
Ольга Харлан. Фото: instagram/olgakharlan

Семсерлесуден әлем чемпионатындағы дау аяқталар емес. Жарыстан шеттетілген украиналық Ольга Харлан бұл шешіммен келіспейтінін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Миланда өтіп жатқан әлем чемпионатында украиналық сабляшы, Олимпиада чемпионы Ольга Харлан ресейлік Анна Смирнованы ұтты. Бірақ кездесуден соң қарсыласының қолын алмай, оған қылышын тақаған болатын.

Жарыс ережесіне сәйкес, кездесу аяқталған соң қарсыластар бір-бірінің қолын алуы тиіс. Осыны алға тартқан ұйымдастырушылар украиналық спортшыны жарыстан шеттетті.

Ал Ольга Харлан болса, бұл шешім өзін "өлтіріп тастағанын" жазған.

"Мен шын жүрегіммен бұл спортшының қолын алғым келген жоқ. Кейін мені жарыстан шеттетіп, қара карточка беретінін естідім. Бұл мені өлтірді. Өлтіргені соншалық, аурудан айғайладым", - деді Харлан.

Айта кетелік, Ольга Харлан Бейжің Олимпиадасында алтын медаль алса, Лондон және Рио Олимпиадаларында жүлдегерлер қатарынан көрінген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2030434-meni-oltirdi-reseilik-sportsynyn-qolyn-almagany-usin-zarystan-quylgan-ukrainalyq-atlet-zanaiqaiyn-aitty/