Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үздік көрсеткіш": Қазақстанның бірінші ракеткасы әлемдік рейтингте тағы көтерілді

Опубликовано:

Александр Бублик
Александр Бублик. Фото: ktf.kz

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы рейтингті жаңартты. Бұл туралы Қазақстанның теннис федерациясы хабарлады.

Қазақстанның үздік теннисшісі Александр Бублик жаңартылған рейтингте 26-дан 25-орынға көтерілді.

Бұл – оның әлемдік рейтингтегі үздік көрсеткіші.

Жалпы, қазақстандық теннисшілер рейтингте өз көрсеткіштерін жақсарта алды.

Тимофей Скатов 136-дан 131-ге, Михаил Кукушкин 229-дан 227-ге, Бейбіт Жұқаев 270-тен 258-ге, Астанада Президент кубогы үшін челленджер турнирінің жеңімпазы атанған Денис Евсеев 412-ден бірден 340-қа, Дмитрий Попко 375-тен 370-ке жоғарылады.

Жұптық сында Александр Недовесов 45-орнын сақтап қалса, Андрей Голубев 82-ден 83-ке сырғыды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2030706-uzdik-korsetkis-qazaqstannyn-birinsi-raketkasy-alemdik-reitingte-tagy-koterildi/

pixel