Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Азия кубогы алдында баскетболдан Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері мәлімдеме жасады

Жарияланған күні:

Баскетбол
Көрнекі фото: pixabay.com

Баскетбол Қазақстан әйелдер құрамасы елордада Азия Кубогы қарсаңында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясы хабарлайды.

Виталий Стребков баптайтын арулар бір аптадан кейін жаттығуды аяқтап, Таиланд астанасы Бангкокқа аттанады.

Астана қаласындағы қазіргі жиын команданың ойын мәнерін жетілдіріп, комбинацияларды шыңдауға бағытталған.

Кеше, 3 тамызда Ұлттық баскетбол федерациясының президенті Абай Алпамысов ойыншылармен, бапкерлер қосымен жүздесіп, байрақты бәсекеде сәттілік тіледі.

Б дивизионында Қазақстан құрамасы бір топта Шри-Ланка (13 тамыз), Таиланд (14 тамыз) және Иорданиямен 15 тамызда бақ сынайды. Ал А тобында Индонезия, Иран, Малайзия мен Моңғолия бар.

"Бұл дайындық 2 аптаға жоспарланған. Бұл біз үшін аз уақыт. Соған қарамастан барынша тиімді өткізуге тырысып жатырмыз. Тағы бір өкініштісі, көшбасшылардың бірі Зарина Куразова жуырда ауыр жарақат алып қалды. Алдағы Азия Кубогы мен Қытайдағы Азия ойындарында ойнай алмайды. Оған отадан соң қалпына келуі үшін 5-6 ай қажет. Негізгі құрамдағы қалған ойыншылар осында. Бізде Ұлттық құрамаға спортшыларды шақырып, жинау кезінде қиындық болған емес.

Мақсат - барлық матчта жақсы ойнап, ұпай алу. Қарсыластардың ойынын талдап үлгердік. Осыдан 2 ай бұрын оңтүстік-шығыс Азия елдері ойындары өткен. Сондағы жазбаларды көрдік. Шри-Ланка біздің құрамаға қатты қауқар таныта алатын ел емес. Ал жарыс қожайыны Таиланд, сосын Иорданиямен қиын кездесу күтіп тұр. Алғашқысына жанкүйерлер қызу қолдау көрсетеді. Қуанышымызға орай, біз олардан жеңілген емеспіз. Ал Иордания құрамасы сапына америкалық ойыншыларды қосқан, өздерінде де мықты баскетболшылар шығып келеді", - деді Ұлттық құраманың бас бапкері Виталий Стребков.

Айта кетейік, әр топта 1-орын алған құрама тікелей жартылай финалға өтеді. Олардың қарсыласы топта 2 және 3-орын алған командалар арасынан іріктеледі. А дивизионына тек бір ғана ел жолдама алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2031285-aziya-kubogy-aldynda-basketboldan-qazaqstan-aielder-quramasynyn-bas-bapkeri-malimdeme-zasady/