Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұл шешім оңай болған жоқ": жүзуден Ресей чемпионы атанған бойжеткен Қазақстан азаматтығын алды

Опубликовано:

Софья Сподаренко
Софья Сподаренко. Фото: instagram/sofyaspodarenko

Жүзуден Ресей чемпиоын Софья Сподаренко бұдан былай Қазақстан намысын қорғайды. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Софья Сподаренко Өскемен қаласында дүниеге келген. Оның әкесі Константин Сподаренко ұзақ жылдар бойы жергілікті "Торпедо" хоккей клубында ойнады. Анасы Татьяна да жеңіл атлетика шебері болған.

Кейін әкесінің ресейлік клубқа ауысуына байланысты Сподаренколар Түменге көшеді де, Софья сол жақта жүзумен айналыса бастады.

Сподаренконың Қазақстан төлқұжатын алуға бір жарым жыл уақыты кеткен. Десе де, ол өзінің жазғы демалыста туған жеріне жиі келгенін және қазіргі таңда қазақ тілін үйреніп жатқанын мәлімдеді.

"Мен бұл жайтты жасырғаным жоқ. Бірақ процесс толық аяқталғанша айта алмадым. Енді кәсіби спортшы ретінде Қазақстан құрамасының намысын қорғайтынымды қуана хабарлағым келеді. Бұл шешім оңай болған жоқ, десе де, саналы түрде жасалған таңдау. Ресейлік жүзу федерациясына алғыс айтамын. Мен осы жүйеде өсіп-өніп, жоғары нәтиже көрсеттім", - деді Сподаренко.

Софья Сподаренко 2018 жылы 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден Ресей чемпионы атанған. Кейін кешенді әдіспен жүз метрге жүзуден Ресей чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2032496-bul-sesim-onai-bolgan-zoq-zuzuden-resei-cempiony-atangan-boizetken-qazaqstan-azamattygyn-aldy/

pixel