Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Есігіміз ашық": Армения спортшылары Бакудегі әлем чемпионатына қатысудан бас тартты

Опубликовано:

Әлем чемпионатының ашылу салтанаты
Әлем чемпионатының ашылу салтанаты. Фото: issf-sports.org

Әзірбайжан астанасы Бакуде нысана көздеуден әлем біріншілігі басталды. Аталған сынға Армения құрамасы қатысқан жоқ, деп жазады Спорт-Экспресс басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Бакудегі әлем чемпионаты Париж Олимпиадасына жолдама тарататын ірі жарыс болмақ. Лицензиялар сарапқа салынса да, Армения мергендері өз қауіпсіздігін ойлап, турнирге қатысудан бас тартқан.

Алғашында армениялық федерация екі ел арасындағы жанжалға қарамастан, рейтингілік ұпай үшін жарысқа қатысатын мәлімдеді.

Әзірбайжан тарапы да спортшылардың қауіпсіздігі сақталатынын айтып, уәде берген. Алайда біріншілік басталарда армениялықтар тәуекел етпеуді жөн көрді.

Халықаралық нысана көздеу федерациясының бас хатшысы Уилли Грилл мұндай шешімнің неге қабылданғанын түсіндірді.

"Біз спортқа басымдық береміз. Қандай да бір саяси жағдайларға араласқымыз келмейді. Ұйымдастыру комитеті олардың жарысқа қатысуына бар жағдай жасады. Бірақ соңында олар өздерінің қауіпсіздіктері үшін кепіл болуды сұрады. Мұндай кепілді әлемде ешкім бере алмайды. Біз қауіпсіздікті сақтау үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Қазірдің өзінде олар жарысқа қатыса берсе болады, есігіміз ашық", - деді әлемдік федерацияның бас хатшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2032756-esigimiz-asyq-armeniya-sportsylary-bakudegi-alem-cempionatyna-qatysudan-bas-tartty/