Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық рэпер Әзербайжандағы әлем чемпионатының ашылуында ән салды (фото)

Опубликовано:

Джа Халиб
Джа Халиб. Фото: issf-sports.org

Алматыда туып-өскен Джа Халиб нысана көздеуден Бакудегі әлем чемпионатының ашылу салтанатында ән салды. Бұл туралы халықаралық федерацияның ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Әншінің ашылу салтанатында ән шырқаған сәтінен суреттер Халықаралық спорттық ату федерациясының ресми сайтында жарияланды.

Белгілі болғандай, әзербайжан ұлтынан шыққан Джа Халиб салтанатты ашылу рәсімінің арнайы қонағы атанған.

Сондай-ақ ашылу салтанатында Әзербайжанның өнер жұлдыздары төбе көрсетті.

Нысана көздеуден әлем біріншілігі 1 қыркүйекке дейін жалғасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2032759-otandyq-reper-azirbaizandagy-alem-cempionatynyn-asyluynda-an-saldy-foto/