Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елена Рыбакина өзін балағаттаған латвиялық теннисшіні ұтып кетті

Опубликовано:

Рыбакина
Рыбакина. Фото: Қазақстанның теннис федерациясы

Қазақстандық Елена Рыбакина Цинциннати турнирінің үшінші айналымына шықты. Бүгін ол атышулы қарсыласын жеңді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әлемнің төртінші ракеткасы саналатын Рыбакина екінші айналымда латвиялық Елена Остапенкомен кездескен болатын.

Кездесу үш сет қорытындысы бойынша қазақстандық теннисшінің пайдасына аяқталды. Рыбакина бірінші сетте тай-брейк қорытындысы бойыншы 6:7 есебімен ұтылса, қалған екі сетті 6:2, 6:4 есебімен өз еншісіне жазды.

Айта кетелік, Елена Рыбакина мен Елена Остапенко арасында өткен мамырдағы матчта латвиялық спортшы қазақстандық теннисшіні балағаттап, тіл тигізген болатын.

Елена Остапенко теннис әлемінде өзінің қызуқандылығымен танымал.

Ал Цинциннати турнирінің үшінші кезесінде Рыбакина италиялық Жасмин Паолинимен кездседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2032811-elena-rybakina-ozin-balagattagan-latviyalyq-tennissini-utyp-ketti/

pixel