Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жүлдеге бір қадам жетпеді: Ислам Сәтпаев Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды

Опубликовано:

Ислам Сәтпаев
Ислам Сәтпаев. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Әзербайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан спорттық атудан әлем чемпионатында Қазақстан қоржыны бір лицензиямен толықты. Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясы хабарлады.

Отандасымыз Ислам Сатпаев пневматикалық винтовкамен 10 метрден нысана көздеуден финалға шығып, жүлдеге бір табан жетпей тоқтады. Ол 206,5 ұпай жинап, 4-сатыға тұрақтады. .

Бұл сында швециялық Виктор Линдгрен (251,3 балл) чемпион атанса, қытайлық Хаоран Ян (250 балл) күміс жүлде алды. Үздік үштікті чехиялық Франтишек Сметана 227,5 ұпаймен түйіндеді.

Айта кетейік, бұл нысана көздеуден ұлттық құраманың алғашқы лицензиясы. Нысана көздеуден жолдамажекелеген мергенге емес, ұлттық федерацияға беріледі. Алайда әр мемлекеттің федерациясы күтпеген жағдай болмаса, олимпия ойындарына жолдамаға қол жеткізген спортшыны апарады.

24 жастағы Ислам Сәтпаев биыл Джакатада өткен әлем кубогында пневматикалық винтовкамен 10 метрден нысана көздеуден 3 медаль жеңіп алған.

Ол тура бір жыл бұрын осы Бакудағы Әлем Кубогында қола жүлдегер атанған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2033161-zuldege-bir-qadam-zetpedi-islam-satpaev-pariz-olimpiadasynyn-zoldamasyn-zenip-aldy/

pixel