jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық спортшы нысана көздеуден әлем чемпионатында алғашқы жетілікке енді

    Спортшы жатып нысана көздеуде
    Жатып нысана көздеу. Көрнекі сурет: kazsports.kz

    Бакуде нысана көздеуден әлем чемпионаты жалғасуда. Бүгін ерлер пневматикалық винтовкамен 50 метрден жатып оқу атудан бақ сынады, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

    Бұл бағдарламадан іріктеуге ұлттық құраманың 3 спортшысы қатысты.

    Олардың арасынан үздік нәтижені Константин Малиновский көрсетті. Ол 624 ұпай жинап, 7-орын алды. Отандасымыздың қола медаль үшін таласуына 1 ұпай жетпей қалды.

    Ал Ислам Сәтпаев 41, (617,8 балл), Юрий Юрков 55-орынды (614,3 балл) місе тұтты. Осылайша, командалық есепте ерлер құрамасы (1856.1 ұпай) 10-орын алды.

    Чехиялық Петр Нимбурски чемпион атанса, қытайлық Линьшу Ду күміс, Ян Лочбилер (Швейцария) қола медаль жеңіп алды.

    Бұл сында барлығы 73 атлет шеберлік байқасты. Мұнда олар жатып 60 оқ атуы керек. Қазір жаттығудың бұл түрі Олимпиада бағдарламасына кірмейді.

    Қазақстандық спортшы нысана көздеуден әлем чемпионатында алғашқы жетілікке енді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.