Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өте қиын жаттығу": бас бапкер қазақтың мерген баласы Олимпиадаға қалай жолдама алғанын айтты

Опубликовано:

Ислам Сәтбаев
Ислам Сәтбаев. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Бакуде өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Ислам Сәтбаев Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды. Бас бапкер Ольга Довгун спортшының бұл жетістігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Шыны керек, өте қиын жаттығу. Өйткені мұнда жақсы нәтиже көрсету үшін асқан дәлдік керек. Аздаған ұпайдың өзі үлкен роль ойнайды.

Бұл Исламның оң жамбасына келетін жаттығу. Біз оның жақсы өнер көрсететіне сендік. Өзі де дайын болды.

Финалға шыққан сегіз спортшының бірде бірінде олимпиада квотасы болған жоқ. Олимпиада жолдамасы тек алғашқы төрттікке берілетін еді.

Ислам бұл міндетті орындап шықты. Оған ауырлау соқты. Бірақ қолынан келді. Сәл қателік кетіп, қола жүлдеге қол созым жерде тоқтады. Бар күшін салды.

Негізі үш квотадан үміттіміз", - деді Ольга Довгун.

Айта кетелік, Ислам Сәтбаев 10 метрге пневматикалық оқ ату жаттығуы бойынша төртінші орын иеленіп, Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2033656-ote-qiyn-zattygu-bas-bapker-qazaqtyn-mergen-balasy-olimpiadaga-qalai-zoldama-alganyn-aitty/

pixel