Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Олимпиадаға іріктеу: гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы төрт ойынның үшеуінде жеңіліп қалды

Опубликовано:

Гандболдан Қазақстан құрамасы
Гандболдан Қазақстан құрамасы. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Олимпиадаға іріктеу турниріне қатысты. Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі хабарлайды.

Жапонияның Хиросима қаласында қол добынан Париж Олимпиадасына іріктеу турнирі аяқталды.

Қазақстан әйелдер құрамасы шешуші турда Үндістаннан 34-26 есебімен басым түсіп, сары құрлық бәсекесін 4-орынмен аяқтады. Отандастарымыз осыған дейінгі 3 кездесуде қарсыласқа жол берген.

Мұнда барлық ойында жеңіске жеткен Оңтүстік Корея құрамасы Парижде өтетін олимпия ойындарына тікелей жолдама алды.

Ал финалда жеңілген жарыс қожайыны Жапония 2024 жылғы 11-14 сәуір аралығында болатын кезекті лицензиялық турнирде бақ сынайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2033845-olimpiadaga-irikteu-gandboldan-qazaqstan-aielder-quramasy-tort-oiynnyn-useuinde-zenilip-qaldy/

pixel