jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Абу-Дабидегі шахмат фестивалінде белгілі шахматшы Бибісара Асаубаева бірінші орынды иеленді

    шахматшы
    Бибісара Асаубаева. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

    Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Абу-Дабидегі Халықаралық шахмат фестивалінде бірінші орынды жеңіп алып, еліміздің шахматшылар рейтингінде үздік деп танылды. Бұл туралы Қазақстан шахмат федерациясы Instagram-дағы ресми парақшасында хабарлады.

    Қазақстан шахмат федерациясы мәліметінше, Абу-Дабидегі Халықаралық шахмат фестивалінде әйелдер арасында Бибісара Асаубаева бірінші орынды жеңіп алды (9 мүмкін ұпайдан 5,5 ұпай). Көрсетілген тамаша нәтиже спортшыны қазақстандық шахматшы қыздардың рейтингтік тізімінде бірінші орынға шығарған.

    Соынмен қатар "Masters" тобында қазақстандық қатысушылардың ішінен Арыстанбек Уразаев үздік нәтиже көрсеткен 9 мүмкін ұпайдан 6,0 ұпай жинады. Мықты қарсыластарымен текетірестегі екі ақтық жеңісі ақтөбелік шеберге гроссмейстерлік ұпай нормасын орындауға мүмкіндік берген.

    Әйелдер турнирі ("Ladies") құрамы да жоғары нәтижеге қол жеткізді. Альфия Насыбуллина (Астана) 7 ұпайдан 5,5 ұпай жинап, үшінші орынды бөлісіп, қосымша көрсеткіштер бойынша бесінші орынға жайғасты. Әнел Мұратова (Алматы) 5,0 ұпай жинап, жалпы есепте 10-орынға ие болды

    Абу-Дабидегі шахмат фестивалінде белгілі шахматшы Бибісара Асаубаева бірінші орынды иеленді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.