Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық спортшы Давид Дегтярев пара пауэрлифтингтен әлем чемпионы атанды

Опубликовано:

Давид Дегтярев
Давид Дегтярев. Фото: instagram.com/csp_parasport.kz

Бүгін Токио-2020 Паралимпиада ойындарының чемпионы Давид Дегтярев Дубайда өтіп жатқан пара пауэрлифтингтен әлем чемпионатында жеңімпаз атанды. Бұл туралы Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы Instagram-дағы парақшасында хабарлады.

"Бүгін казақстандық спортшы, Токио-2020 Паралимпиада ойындарының чемпионы Давид Дегтярев Дубайда өтіп жатқан пара пауэрлифтингтен әлем чемпионатында жеңімпаз атанды", - делінген хабарламада.

Ол 54 келіге дейінгі салмақта 180 келіні бағындырып, алтын жүлдені жеңіп алған.

Ал күміс жүлдені 179 кг бағындырған қытайлық спортшы алса, жарыстың қола жүлдесі Нигерияның спортшысына (178 кг) бұйырды.

Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы спортшыны жеңісімен құттықтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2034158-qazaqstandyq-sportsy-david-degtyarev-para-pauerliftingten-alem-cempiony-atandy/

pixel