Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бір жарым жыл өтті: отандық ауыр атлет Денис Уланов Олимпиада жүлдесіне берілетін сыйақысын алды

Опубликовано:

Денис Уланов
Денис Уланов: YouTube/hookgrip

Ауыр атлетикадан Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Уланов өзіне тиесілі сыйақыны алды. Бұл туралы Қазақстанның спортшылар одағы хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Денис Уланов Рио Олимиадасында төртінші орынға табан тіреген. Алайда араға жылдар салып сол ойында қола жүлдегер атанған румыниялық Габриэль Сынкрэян допингпен ұсталды.

Осыдан соң қола медаль автоматты түрде қазақстандық ауыр атлетке өткен еді. Бірақ Мәдениет және спорт министрлігі Олимпиаданың қола жүлдегеріне беретін сыйақыны Улановқа табыстаудан бас тартты.

Кейін спортшы министрлікпен соттасып, жеңіп шыққан болатын.

Қазақстан спортшылар одағының өкілі Азамат Қарлығашев қуанышты жаңалықты хабарлап, Денис Улановтың өзіне тиесілі сыйақыны алғанын жеткізді.

Айта кетелік, Рио Олимпиадасының қола жүлдегерлері 75 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2034669-bir-zarym-zyl-otti-otandyq-auyr-atlet-denis-ulanov-olimpiada-zuldesine-beriletin-syiaqysyn-aldy/

pixel