Францияда мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионы Брайан Жубер зорлық көрсетті деген күдікке ілінді. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Бұрынғы спортшыны Франция мұз спорты түрлері федерациясы айыптауда. Ол зорлық актісін жасады деген күдікке ілініп отыр.
29 тамыз күні тәртіптік комитет маманға қатысты іс қозғаған.
Брайан Жубер 38 жаста. Ол 2007 жылғы әлем чемпионы.
Сондай-ақ 2004, 2007 және 2009 жылдары Еуропа чемпионы атанған.
Оның еншісінде әлем чемпионатының алты, Еуропа біріншілігінің он медалі бар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2034742-manerlep-syrganaudan-alem-cempiony-zorlyq-korsetti-degen-kudikpen-aiyptalyp-zatyr/