jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Елена Рыбакинаның басты қарсыласы әлемнің бірінші ракеткасы атанбақ

    Арина Соболенко кортта
    Арина Соболенко. Фото: instagram/sabalenka_aryna

    Беларусь спортшысы Арина Соболенко US Open турнирінің қорытындысы бойынша әлемнің бірінші ракеткасы атанады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентек турнирдің ширек финалына өте алмады. Ол латвиялық Елена Остапенкоға есе жіберген.

    Осыдан соң Соболенко автоматты түрде әлемнің бірінші ракеткасы атанбақ. Ол турнирдің ширек финалына өтіп, ресейлік Дарья Касаткинаға қарсы ойнамақ.

    Айта кетелік, Ига Швентек 2022 жылдың 4 сәуірінен бері WTA рейтингінде көш бастады. Содан бері бірінші орыннан түспеген ол енді төменге сырғиды.

    АҚШ-тағы турнирдің қорытындысы қандай болса да, Арина Соболенко әлемдік рейтингте бірінші орынға шығады.

    Соболенко Australia Open турнирінің финалында қазақстандық Елена Рыбакинаны ұтқан болатын.

    Елена Рыбакинаның басты қарсыласы әлемнің бірінші ракеткасы атанбақ

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.