Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Құдайдың өз жоспары бар": Илья Ильиннің әйелі қызды болатынын көпшілікке қазақ тілінде хабарлады (видео)

Опубликовано:

Илья Ильин
Илья Ильин. Фото: instagram.com/ilyailyinforever

Ауыр атлет Илья Ильин мен жұбайы Татьяна сәби күтіп отыр. Бұл туралы спортшының әйелі Instagram парақшасында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Достар, сіздермен отбасымыздың ең үлкен қуанышымен бөлісетін кез келді! Жақында біз жай ғана ғашық еркек пен әйел болмаймыз! Құдай бірлігімізге береке әкелді!

Біз ата-ана боламыз! Екі апта бойы ұлды болатынымызға сенімді болдық, бірақ УЗИ бәрін көрсетті! Баламызды қай спортқа береміз деп дауластық, ат ойлап таптық, бірақ құдайдың өз жоспарлары бар! ДНК тесті қыз болады деп көрсетті!

Біз қатты таң қалдық, бірақ қуандық! Біз сені күтеміз біздің тәтті балапанымыз!", - деп жазды Татьяна Ильина.

Айта кетелік, Илья мен Татьяна былтыр шаңырақ көтерді.

Танымал спортшы келіншегіне тікелей эфирде беташар жасаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2035216-qudaidyn-oz-zospary-bar-ilya-ilinnin-aieli-qyzdy-bolatynyn-kopsilikke-qazaq-tilinde-xabarlady-video/

pixel