Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алтын алмасақ ұят болады": бапкер жазғы Азия ойындары қарсаңында мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Нұрқанат Әжіқанов Премьер-лигада жеңіске жетті
Нұрқанат Әжіқанов. Фото: olympic.kz

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін жазғы Азия ойындарына қатысатын каратэшілер тізімі белгілі болды. Бұл туралы Bassport.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ел намысын қорғайтын спортшылар тізімін ұлттық құрама бапкері Тарек Абдессалам жариялады.

Азия ойындарында каратэшілер сегіз салмақ дәрежесінде бақ сынайды.

Ханчжоуда сынға түсетін спортшылар тізімі, ерлер:

60 келі: Қайсар Алпысбай

67 келі: Дидар Әмірәлі

75 келі: Нұрқанат Әжіқанов

84 келі: Данияр Юлдашев

Әйелдер:

50 келі: Мөлдір Жаңбырбай

61 келі: Әсел Қанай

68 келі: Лаура Әліқұл

+68 келі: Софья Берульцева

Қазіргі таңда отандық каратэшілер Франциядағы халықаралық оқу-жаттығу жиынына қатысып жатыр.

"Жазғы Азия ойындарында командаға үлкен сенім артылып отыр. 2018 жылы бір алтын, бір күміс, бір қоламен оралған едік. Енді осы көрсеткіштен де асып түссек деген мақсатымыз бар.

Қазір каратэ Олимпиада бағдарламасынан шығып қалса да, мемлекет тарапынан қолдау тоқтаған жоқ. Спорт комитеті, Спортты дамыту дирекциясы біздің алаңсыз жаттығуымызға мүмкіндік беріп отыр. Спортшылар Премьер-лига турнирлерінен қалған жоқ, шетелдегі жаттығу жиындарына да тұрақты қатысып келеді.

Енді бізге артылған үмітті ақтап, алтынмен оралуымыз керек. Осындай қолдаудан соң алтын алмасақ, ұят болады. Командада тәжірибелі спортшылар жиналған. Көпшілігі Олимпиада көрген атлеттер. Тек Лаура Әліқұл ғана жас спортшы, қалғандары әлемдік сындарда әбден шыңдалған. Жақында өткен Азия чемпионатында алғаш рет жалпы есепте көш бастадық. Енді сол биіктен түспеу керек", - деді бапкер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2035334-altyn-almasaq-uyat-bolady-bapker-zazgy-aziya-oiyndary-qarsanynda-malimdeme-zasady/

pixel