jitsu gif
Спорт

    Волейболдан Қазақстан құрамасы Азияның үздік командасын жеңіп кетті

    Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатында
    Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

    Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Таиландтағы Азия чемпионатында үздік бестікке енді. Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясы хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Шешуші матчта Ришат Гилязутдинов баптайтын волейболшыларымыз Оңтүстік Кореяны сенімді жеңді. Есеп: 26-24, 25-23, 25-23.

    Ең көп ұпайды команда капитаны Сана Анарқұлова жинады. Тәжірибелі спортшының еншісінде 20 балл бар (17 нәтижелі шабуыл, 2 блок-шот, 1 эйс).

    Оңтүстік Корея осыған дейінгі (2017 бен 2019 ж) 2 Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алған.

    Биылғы чемпионатқа барлығы құрлықтағы 14 ел өз құрамасын жіберді. Осыған дейін 2019 жылы өткен додада Жапония волейболшылары топ жарған. Олар кеше күтпеген жерден Таиландқа жол беріп (3-2), атағын қорғап қала алмайтын болды.

    Біраздан кейін Қытай мен Таиланд финалда, ал Жапония мен Вьетнам қола жүлдені сарапқа салады. Медаль алған 3 құрамаға Азия атынан 2025 жылғы әлем чемпионатына қатысуға жолдама беріледі.

    Волейболдан Қазақстан құрамасы Азияның үздік командасын жеңіп кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.