Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үміт жоқ": 2013 жылы таудан құлаған Михаэль Шумахер туралы досы күтпеген мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Михаэль Шумахер
Михаэль Шумахер. Фото: Fred Dufour / AFP via Getty Images

Әйгілі Михаэль Шумахердің досы Роже Бенуа спортшының жағдайы туралы айтты. Бұл туралы Мир24 арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Әлемнің жеті дүркін чемпионы 2013 жылы Франциядағы Альпі тауларында шаңғымен сырғанап жүріп басынан қатты жарақат алған болатын.

Содан бері ол көпшілік алдына шыққан жоқ. Ал оның денсаулығы туралы мәліметтер БАҚ беттеріне өте сирек жарияланады.

Швейцариялық газетке сұхбат берген Бенуа да Шумахер туралы толыққанды ақпар берген жоқ. Ол тек үміт жоқ екенін мәлімдеген.

"Шумахердің жағдайы туралы сұраққа бір ғана жауап бар. Оны спортшының ұлы Мик 2022 жылы айтқан болатын. "Мен әкеммен сөйлесу үшін бәрін берер едім", - деді ол. Осы сөйлем арқылы әкесінің 3500 күннен аса уақыттағы жағдайы қандай екенін бағамдауға болады. Үміт жоқ", - деді Бенуа.

Шумахердің әйелі Коринна 2021 жылы деректі фильмге түсіп, Михаэльдің жарақаттан соң өзгергенін, оның әлі күнге дейін осында екенін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2035586-umit-zoq-2013-zyly-taudan-qulagan-mixael-sumaxer-turaly-dosy-kutpegen-malimdeme-zasady/

pixel