jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Шахматтан әлем чемпионаты: Қазақстан командасы жалпы есепте бірінші орында келе жатыр

    Бибісара Асаубаева шахмат ойнауда
    Бибісара Асаубаева шахмат ойнауда. Фото: kazsports.kz

    Польшаның Быдгощ қаласында шахматтан әйелдер арасындағы командалық әлем чемпионаты өтіп жатыр. Әзірге Қазақстан құрамасы бірінші орында келеді, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясы.

    Бәсекенің алғашқы күні барлық команда 2 тур ойнады. А тобына түскен Қазақстан құрамасы Үндістан (2½-1½) мен Мысыр құрамасын жеңіп, 4 ұпаймен көш басына шықты.

    Ұлттық құраманың жетекші ойыншысы Бибісара Асаубаева (ФИДЕ рейтингі 2439) мысырлық Шрук Вафаны, Меруерт Камалиденова (ФИДЕ рейтингі 2162) Шахенда Вафаны ұтты. Ал Ксения Балабаева (ФИДЕ рейтингі 2111), Алуа Нұрманова (ФИДЕ рейтингі 2170) қарсыласпен тең түсті.

    Екінші матчта Бибісара Асаубаева Харика Дронавалимен, Меруерт Камалиденова Вантика Агравалмен, Алуа Нұрманова Падмини Роутпен тең тарқасты. Жеңістің тағдырын Әмина Қайырбекова мен Савита Шри Би сарпқа салды. Мұнда жас қазақстандық шахматшы табандылық танытып, партияны өз пайдасына аяқтады.

    Әлем чемпионатының 2-турынан кейінгі турнир кестесі:

    А тобы

    Қазақстан – 4,

    Грузия – 2,

    Украина – 2,

    Үндістан – 2,

    Франция – 2

    Мысыр – 0

    B тобы

    АҚШ – 4,

    Қытай – 4,

    Польша – 2,

    Солтүстік және Оңтүстік Америка – 1,

    Болгария – 1

    Германия – 0

    Шахматтан әлем чемпионаты: Қазақстан командасы жалпы есепте бірінші орында келе жатыр

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.