Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Франциялық маман каратэден ұлттық құраманың бас бапкері атанды

Опубликовано:

Тарек Абдесселем
Тарек Абдесселем. Фото: kazsports.kz

Тарек Абдесселем Ұлттық құраманың бас бапкері атанды. Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясы хабарлады.

Тарек Абдесселем WKF каратеден Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды.

Ол 2017 жылдан бастап осы уақытқа дейін еліміздің Ұлттық құрамасында бапкердің кеңесшісі қызметін атқарған.

Қазақстандық каратешілер мен Тарек Абдесселем бірлесіп, осы уақытқа дейін халықаралық кешенді жарыстар мен түрлі турнирлерде айтарлықтай нәтиже көрсетіп келе жатыр.

Мәселен, Джакартада өткен 18-ші жазғы Азия ойындарында Ұлттық құрама қоржыны 1 алтын, 1 күміс және 1 қоламен толыққан.

Ал WKF карате Олимпиада бағдарламасына алғаш рет қосылған Токиодағы ойындарда екі қазақстандық қола жүлдеге қол жеткізді (Дархан Асаділов пен Софья Берульцева).

Тарек Абдесселем спортшы ретінде 2001-2013 жылдар аралығында Франция құрамасының сапында көптеген халықаралық бәсекеге қатысқан.

Ал 2013 жылы Таиланд құрамасының бас бапкері ретінде осы елге каратеден оңтүстік-шығыс Азия елдері ойындарының алғашқы алтынын жеңіп алуға көмектескен. Осыдан кейін ол 2015-2017 жылдары Индонезия құрамасын жаттықтырды. Оның жетекшілігімен Индонезия 2015 жылғы әлем чемпионатында 4 алтын медаль жеңіп алды.

Сондай-ақ 36 жастағы маман Бразилия және Франция құрамасымен бірге жұмыс істеген. Осының арқасында оны бүкіләлемдік карате қауымдастығы білікті бапкер ретінде таниды, әрі құрметтейді. Ол 2015 жылы спорт менеджменті/ғылымы бойынша бакалавр дәрежесін алса, 2021-2022 жылдары Ле-Ман университетін осы спорт саласы бойынша тәмамдады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2035965-franciyalyq-maman-karateden-ulttyq-quramanyn-bas-bapkeri-atandy/

pixel