Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мен бақыттымын": Анна Данилина US Open чемпионатындағы жеңісі туралы ағынан жарылды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Анна Данилина мен Харри Хелиоваар
Анна Данилина мен Харри Хелиоваар. Фото: Sarah Stier/Getty Images

Анна Данилина аралас жұптық сында US Open чемпионатында жеңген тұңғыш қазақстандық теннисші атанды. Жеңіске жеткеннен кейін спортшы серіктесіне алғысын білдірген, деп хабарлады WTA сайтында.

Анна Данилина аралас жұптық сында финляндиялық Харри Хелиоваарамен бірге өнер көрсеткен болатын.

"Мен Харриге алғыс айтқым келеді. Менде сөз жоқ. Бұл тамаша турнир болды. Мен бақыттымын", – деді Данилина.

Еске сала кетейік, олар жарыстың бірінші ракеткасы, америкалықтар Джессика Пегула – Остин Крайчекпен бас жүлдені сарапқа салған еді. Қорытынды ұпай Харри мен Данилинаның пайдасына орай 6:3, 6:4 құрады.

Осылайша Анна Данилина қазақстандық теннисшілерден алғаш рет микстен "Үлкен дулыға" турнирінің жеңімпазы атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2035987-men-baqyttymyn-anna-danilina-us-open-cempionatyndagy-zenisi-turaly-pikir-bildirdi/