jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық Анна Данилина тұңғыш рет US Open чемпионы атанды (фото, видео)

    Харри Хелиоваар мен Анна Данилина
    Харри Хелиоваар мен Анна Данилина. Фото: usopen.org

    Қазақстандық Анна Данилина микстен алғаш рет US Open турнирінің чемпионы атанды. Бұл туралы теннис федерациясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Анна Данилина аралас жұптық сын финалында финляндиялық Харри Хелиоваарамен бірге жарыстың бірінші ракеткасы, америкалықтар Джессика Пегула – Остин Крайчекпен бас жүлдені сарапқа салды.

    Бірінші партияда брейк жасаған қазақстандық-финляндиялық жұп сол басымдықты сақтап қалды – 6:3.

    Олар екінші сетті де брейкпен бастағанымен, америкалықтар таразы басын теңестірді – 2:2. Содан кейін Анна мен Харри тағы бір брейкке қол жеткізіп, матчты жеңіспен түйіндеді – 6:4.

    US Open турнирінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері
    US Open турнирінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері. Фото: usopen.org

    Олар бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында 7 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды.

    Осылайша, Анна Данилина қазақстандық теннисшілерден алғаш рет микстен "Үлкен дулыға" турнирінің жеңімпазы атанды.

    Қазақстандық Анна Данилина тұңғыш рет US Open чемпионы атанды (фото, видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.