jitsu gif
Спорт

    US Open: тұңғыш рет чемпион атанған Анна Данилина 50 млн теңгеге жуық пайда тапты

    Анна Данилина
    Анна Данилина. Фото: Robert Prange/Getty Images

    АҚШ ашық чемпионатында өнер көрсеткен сегіз қазақстандық теннисшінің қанша табыс тапқаны белгілі болды. Бұл туралы "Рыбакинаның ракеткасы" Telegram арнасы хабарлады.

    Жекелей сында үшінші айналымға жеткен ұлттық құрама көшбасшысы Елена Рыбакина 191 мың АҚШ доллары (88,59 млн теңге) көлемінде сыйақы алды.

    Жекелей және жұптық сында алғашқы айналымнан аса алмаған Юлия Путинцеваның көрсеткіші - 103,5 мың доллар (48,01 млн теңге).

    Миксте чемпион атанып, жұптық сында екінші айналымға өткен Анна Данилинаның табысы - 103,4 мың доллар (47,96 млн теңге).

    Жекелей сында бастапқы кездесуінде-ақ жеңіліп қалған Александр Бублик пен Тимофей Скатовтың үлесіне 81,5 мың доллардан (37,8 млн теңге) тиеді.

    Жекелей сында іріктеу турнирінің екінші айналымына жеткен Михаил Кукушкиннің еншісінде - 34,5 мың доллар (16 млн теңге).

    Жұптық сында екінші айналымға өткен Андрей Голубев 18,4 мың долларға (8,53 млн теңге) ие болды.

    Жұптық сында алғашқы айналымнан қайтқан Александр Недовесов 11 мың доллармен (5,1 млн теңге) шектелді.

    US Open: тұңғыш рет чемпион атанған Анна Данилина 50 млн теңгеге жуық пайда тапты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.