jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Тоқаев Ұлттық Олимпиада комитетінің өкілдерін құттықтады

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: t.me/aqorda_resmi

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық Олимпиада комитетінің ұжымын 30 жылдық мерейтойымен құттықтады. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарланды.

    "Құрметті Ұлттық Олимпиада комитетінің ұжымы!

    Баршаңызды Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің құрылғанына 30 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймын!

    Бұл – елімізде ерекше орны бар ұйым.

    Сіздер олимпиада құндылықтарын дәріптеп, өскелең ұрпақты спортқа баулуға және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты нығайтуға зор үлес қосып келесіздер. Соның нәтижесінде өрендеріміз талай байрақты бәсекеде табысты өнер көрсетіп жүр. Олар Олимпиада ойындарынан, әлем біріншіліктерінен және Азия чемпионаттарынан ел қоржынына жүздеген жүлде салды. Саңлақтарымыздың есімі әлемдік спорт жылнамасына алтын әріппен жазылды.

    Еліміз қысқы Азия ойындарын, Бүкіләлемдік универсиаданы, әлем және құрлық чемпионаттарын жоғары деңгейде өткізіп, жаһан жұртшылығының лайықты бағасын алды.

    Мемлекет олимпиада қозғалысын дамытуға әрдайым баса назар аударады. Біз Халықаралық олимпиада комитетімен және басқа да беделді ұйымдармен ықпалдастықты нығайта береміз.

    Көк байрағымыз әрдайым биікте желбіреп, абыройымыз асқақтай берсін!

    Баршаңызға зор денсаулық, толағай табыс тілеймін!", - деп жазылған президенттің құттықтау хатында.

    Тоқаев Ұлттық Олимпиада комитетінің өкілдерін құттықтады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.