jitsu gif
Шоубиз

    Алматыда танымал ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Татьяна Навканың шоуы өтпей қалуы мүмкін

    Татьяна Навка
    Татьяна Навка. Фото: ALEXANDER ZEMLIANICHENKO/AFP via Getty Images

    Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың әйелі, ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Татьяна Навканың шоуы Алматыда желтоқсан айының соңына жоспарланған. Бірақ қазір билеттерді сату тоқтатылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Алматы Арена" спорт кешенінің ресми сайтының хабарлауынша, Татьяна Навканың "История любви Шахерезады" атты шоуы 2023 жылдың 23 желтоқсанына жоспарланған.

    Алайда қазіргі уақытта сайттан билеттерді сатып алу мүмкін емес. Бұл ретте үшінші тарап агрегаторлары билеттерді сату уақытша тоқтатылғанын хабарлады.

    Бұл жағдайға қатысты Алматы қаласы әкімдігі пікір білдірді.

    "Алматыдағы Татьяна Навканың "История любви Шахерезады" шоуына қатысты Спорт басқармасы шараны өткізу немесе тоқтату мәселесі тікелей "Алматы Арена" кешенінің концерттік бөлімінің әкімшілігі мен Татьяна Навканың агенттері арасындағы шарттық қатынастар аясында екенін хабарлайды.

    Сонымен қатар "Алматы Арена" кешенінің концерттік бөлімі әкімшілігінің хабарлауынша, ұйымдастырушыларда концерттен бас тартуға ниеті бар. Қазіргі уақытта билеттерді сату тоқтатылды", - делінген хабарламада.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.