Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тимур Құлыбаев Ұлттық олимпиада комитетінің президенті болып қайта сайланды

Опубликовано:

Тимур Құлыбаев
Тимур Құлыбаев. Фото: olympic.kz

Тимур Құлыбаев Қазақстанның Ұлттық олимпиада комитетінің президенті болып қайта сайланды. Ол бұл қызметті 2015 жылдан бері атқарып келеді, деп жазады Zakon.kz.

Басылымның ақпаратынша, бұған дейін Құлыбаевтың "Олимпизм 365" Халықаралық олимпиада комитеті комиссиясының мүшесі болып қайта тағайындалғаны хабарланған. Тиісті хатты ХОК президенті Томас Баз Қазақстанның Ұлттық олимпиада комитетіне жолдаған.

ҰОК сайтындағы мәліметке сүйенсек, Тимур Құлыбаев 1966 жылы 10 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген. 

1988 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін "Халық шаруашылығын жоспарлау" мамандығы бойынша бітірді. Экономика ғылымдарының докторы.

Еңбек жолы

1988-1990 жылдар аралығында – ҚазКСР Мемлекеттік жоспарлау жанындағы Жоспарлау және нормативтер экономикалық ғылыми-зерттеу институтында қызмет атқарған.

1990 -1992 жылдары Қазақстанның мәдени, әлеуметтік және ғылыми-техникалық даму қоры ғылыми-консультациялық орталығының директоры болып тағайындалды. 

1992-1995 жылдары – "Алтын-Алма" концернінің басшысы.

1995-1997 жылдары – Алматы сауда-финанс банкі Кредит комитетінің мүшесі, байқау кеңесінің төрағасы.

1997 жылы – Мемлекеттік комитеттің Жобаларды бағалау және келіссөз жүргізу дирекциясының инвестициялар жөніндегі басшысы (төраға орынбасарының құқығында). 

1997-1999 жылдары – "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы" ЖАҚ-тың экономика және финанс жөніндегі вице-президенті.

1999-2001 жылдары – "ҚазТрансОйл" мұнай тасымалдау ұлттық компаниясы" ЖАҚ президенті.

2001-2002 жылдары – "ҚазТрансОйл" және "ҚазТрансГаз" компанияларының базасында құрылған "Мұнай және газ тасымалы" ұлттық компаниясы" ЖАҚ бас директоры.

2002-2005 жылдары – "Қазақойл" және "Мұнай және газ тасымалы" ұлттық компанияларын біріктіру жолымен құрылған "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ бірінші вице-президенті. 

2005-2013 жылдары – Президенттің штаттан тыс кеңесшісі.  

2006-2007 жылдары – "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдинг" АҚ басқарма төрағасының орынбасары. 

2008-2011 жылдары – "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқарма төрағасының орынбасары. 

2011 жылдың сәуір айынан бастап желтоқсан айына дейін – "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқарма төрағасы, Директорлар кеңесінің мүшесі.

2013-2022 жылдары – "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасының төрағасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2036830-timur-qulybaev-ulttyq-olimpiada-komitetinin-prezidenti-bolyp-qaita-sailandy/

pixel