"Рыбакина мен Бублик жоқ": жазғы Азия ойындарына қатысатын теннистен Қазақстан құрамасының тізімі шықты
Опубликовано:
Ханчжоуда өтетін XIX жазғы Азия ойындарына қатысатын Қазақстан теннис құрамасының тізімі жарияланды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Азия ойындары 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтеді. Ел намысын төмендегі спортшылар қорғайтын болады:
Ерлер: Дмитрий Попко, Бейбіт Жұқаев, Григорий Ломакин және Денис Евсеев.
Әйелдер: Жібек Кұламбаева, Гозаль Айнитдинова, Аружан Сағандыкова және Жанель Рүстемова.
Айта кетерлігі, Қазақстан құрамасының тізімінде үздік теннисшілер болып саналатын Елена Рыбакина мен Александр Бублик жоқ.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2037173-rybakina-men-bublik-zoq-zazgy-aziya-oiyndaryna-qatysatyn-tennisten-qazaqstan-quramasynyn-tizimi-syqty/