Қазақстанның велоспорт федерациясы Ханчжоуда өтетін Азия ойындарында Қазақстан намысын қорғайтын спортшылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Велоспорттан Қазақстан құрамасы үш түр бойынша өнер көрсетеді: тас жол велоспорты, трек велоспорты және тау велосипеді.
Темп бойынша ерлер арасында Артём Захаров, Әлішер Жұмақан, Рамис Дінмұхаметов, Дмитрий Носков және Сергей Кармажаков өнер көрсетпек.
Сергей Пономарев, Дмитрий Резанов, Кирилл Курдиди және Андрей Чугай спринт түрінен ел намысын қорғайды.
Трек құрамасында әйелдер арасында Ангела Соловьева, Марина Кузьмина, Виолетта Казакова және Ақпейіл Өсім бар.
Айта кетейік, бұған дейін жазғы Азия ойындарына қатысатын теннисшілер мен балуандардың тізімі шыққан болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2037242-aziya-oiyndaryna-qatysatyn-velosporttan-qazaqstan-quramy-zariyalandy/