Сидней олимпиадасының чемпионы Ольга Шишигина жазғы Азия ойындарына қатысатын спортшыларға сәттілік тіледі, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Ольга Шишигина Азия ойындарының маңыздылығын атап, барша қатысатын спортшылар қауымына сәттілік тіледі.
"Керемет мейрам. Бүгінгі мереке кезінде көптеген спорт түрі жолығып танысатын болады. Олимпиада ауылы керемет атмосфера, рух береді. Бұның өзі үлкен қолдау болмақ. Азия ойындары дегеніміз екінші олимпиада деп айтады ғой. Әлем чемпионаты ауыр өтті. Ауа райы жаман болды. Спортшылар үшін басты мәре Азия ойындары деп ойлаймын. Онда жеке өзіңнің ғана емес, күллі ел намысын қорғайсың. Біз спортшылар ешқашан қанша медаль алуымыз мүмкін екенін айтпаймыз, жоспарламаймыз. Жақсылыққа сенеміз. Неғұрлым көп болса жақсы. Бәріне сәттілік тілеймін", - деді Ольга Шишигина
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2037263-olga-sisigina-aziya-oiyndaryna-qatysatyn-sportsylarga-sattilik-tiledi/