Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жазғы Азия ойындарына қатысатын спортшыларды шығарып салу рәсімі қалай өтті (фото)

Опубликовано:

Азия ойындарына аттанатын делегация
Азия ойындарына аттанатын делегация. Фото: Сали Сабиров/Спортты дамыту дирекциясы

Бүгін Алматыдағы жаңадан ашылған Олимпиадаға даярлық орталығында Жазғы Азия ойындарына қатысатын делегацияны шығарып салу рәсімі өтті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Салтанатты жиынға Спорт және туризм министрі Ермек Маржықпаев, Спорт комитетінің басшысы Ербол Мырзабосынов, жеңіл атлетикадан қазақ спортының аңызы, КСРО еңбек сіңірген спорт шебері Әмин Тұяқов қатысты.

Әмин Тұяқов бата беруде
Әмин Тұяқов бата беруде. Фото: Тұрар Қазанғапов/Спортты дамыту дирекциясы

Сондай-ақ спортшыларға сәт-сапар тілеу үшін Олимпиада чемпиондары Ермахан Ыбырайымов, Ольга Шишигина, Серік Сәпиев, Ольга Рыпакова, Олимпиада жүлдегерлері Асхат Житкеев пен Дмитрий Карпов бастаған даңқты атлеттер келді.

Дмитрий Карпов бастаған даңқты спортшылар
Дмитрий Карпов бастаған даңқты спортшылар. Фото: Сали Сабиров/Спортты дамыту дирекциясы

Жиында сөз алған Спорт және туризм министрі Ермек Маржықпаев алдағы Азия ойындары Париж Олимпиадасы қарсаңындағы маңызды дода екеніне тоқталып өтті.

"Азия ойындарына спорттың 30 түрінен 500-ден аса спортшымыз аттанғалы отыр. Бұл Олимпиада қарсаңында спортшыларды шыңдап алатын бәсеке. Құрлықтың Олимпиадасы саналады. Өткен Азия ойындарында біз 15 алтын медаль алдық. Бұл жолы да сол биіктен түспеуіміз керек", - деген министр спортшыларға ақ жол тіледі.

Ермек Маржықпаев, Спорт және туризм министрі
Ермек Маржықпаев, Спорт және туризм министрі. Фото: Сали Сабиров/Спортты дамыту дирекциясы

Жиын соңында даңқты жеңіл атлет Әмин Тұяқов жас спортшыларға бата беріп, сәт-сапар тіледі. Ал министр бастаған лауазымды тұлғалар қазақ спортының аңыз адамына шапан жауып, құрмет көрсетті.

Әмин Тұяқовқа құрмет көрсеткен сәт
Әмин Тұяқовқа құрмет көрсеткен сәт. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Айта кетелік, Қытайдағы жазғы Азия ойындары 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтеді.

Азия ойындарына қатысатын спортшылар
Азия ойындарына қатысатын спортшылар. Фото: Тұрар Қазанғапов/Спортты дамыту дирекциясы

Қазақстан намысын 534 спортшы қорғайды. Азия ойындарында спорттың 8 түрінен Олимпиада жолдамасы ойнатылатынын да хабарлаймыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2037276-zazgy-aziya-oiyndaryna-qatysatyn-sportsylardy-sygaryp-salu-rasimi-qalai-otti/

pixel