Академиялық ескек есуден Қазақстан құрамасы ХІХ жазғы Азия ойындарының финалына шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Qazsport арнасына сілтеме жасап.
Қазақстандық арулар іріктеу кезеңінде мәре сызығын төртінші болып кесіп, финалға жолдама алды. Отандастарымыздың уақыт көрсеткіші – 7 минут 3.37 секунд.
Енді Анжела Полянина, Мелани Жакупова, Мария Чернец пен Светлана Германович бастаған қыздар Азия ойындарының алтын медалі үшін таласады.
Академиялық ескек есуден әйелдер арасындағы төрттік жарыстың финалы 25 қыркүйек күні өтеді.
Айта кетейік, Азия ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасының алғашқы легі Ханчжоу қаласына ұшып келгенін хабарлаған болатынбыз.
Сонымен қатар, Сидней Олимпиадасының чемпионы Ольга Шишигина жазғы Азия ойындарына қатысатын барша спортшыларға сәттілік тіледі.
Оған қоса, жазғы Азия ойындарына қатысатын теннисшілер мен балуандардың есімі белгілі болды.
Сондай-ақ, спорттық додада семсерлерсуден ел намысын қорғайтын спортшылардың тізімі жарияланды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2037413-qazaqstan-akademiyalyq-eskek-esuden-aziya-oiyndarynyn-finalyna-syqty/