Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жазғы Азия ойындарында екі қазақстандық спортшы туған күнін тойлауда

Опубликовано:

Ислам Сәтпаев жарыс кезінде
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін Азия ойындарына қатысатын екі қазақстандық спортшы туған күнін тойлауда, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Нысана көздеуден Париж Олимпиадасына лицензия иеленіп, әлем чемпионатында төртінші орын алған Ислам Сәтпаев 25 жасқа толса, академиялық есуден Азия ойындарының жүлдегері Светлана Германович 37 жасқа аяқ басқан. Спортшылар мұндай тарихи жарысқа туған күндері тұспа-тұс келгенін жақсы ырымға балауда.

Светлана Германович жарыс кезінде
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

XIX жазғы Азия ойындарына биыл 500 ден аса қазақстандық спортшы қатысуда.

Айта кетейік, бұған дейін Азия ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасының алғашқы легі Ханчжоу қаласына ұшып келгенін хабарлаған болатынбыз.

Сонымен қатар Сидней Олимпиадасының чемпионы Ольга Шишигина жазғы Азия ойындарына қатысатын спортшыларға сәттілік тілеген еді.

Оған қоса Азия ойындарында Қазақстан намысын қорғайтын теннисшілер мен балуандардың есімі белгілі болған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2037546-zazgy-aziya-oiyndarynda-eki-qazaqstandyq-sportsy-tugan-kunin-toilauda/

pixel