Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Азия ойындары: Спорттық гимнастикадан ел намысын қорғайтын Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды

Опубликовано:

Ілияс Азизов
Фото: olympic.kz

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін XIX жазғы Азия ойындарына қатысатын спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының құрамы белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Азия ойындары 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтеді. Cпорттық додада Қазақстан атынан спорттық гимнастикадан баратын спортшылардың тізімі мынадай:

Эмиль Ахмеджанов, Нариман Курбанов, Аида Бауыржанова, Анфисса Иванова, Амина Халимарден, Роман Маменов, Асан Сәлімов, Әлішер Тойбазаров, Дарья Ясинская және Көркем Ербосынқызы.

Айта кетейік, Ханчжоуда өтетін Азия ойындарына 500-ден аса қазақстандық спортшы қатысуда.

Бұған дейін Азия ойындарында ел намысын қорғайтын теннисшілер мен балуандардың есімі белгілі болды.

Оған қоса Олимпиадалық комитет жеңіл атлетика мен ауыр атлетиканың да ұлттық құрамасын жариялады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2037555-aziya-oiyndary-sporttyq-gimnastikadan-el-namysyn-qorgaityn-qazaqstan-quramasy-zariyalandy/

pixel