Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Біз барынша тырыстық": волейболдан бас бапкер Қазақстанның Жапониядан жеңілу себебін түсіндірді

Опубликовано:

Волейболдан Қазақстан құрамасының бапкерлер құрамы
Волейболдан Қазақстан құрамасының бапкерлер құрамы. Фото: Olympic.kz/Сали Сабиров

Волейболдан Қазақстан құрамасы Азия ойындарындағы алғашқы кездесеуінде Жапониядан жеңіліс тапты. Команданың бас бапкері Борис Гребенников ұлттық құраманың жеңілісін түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Борис Гребенников ойыншыларының жапондықтарға есе жіберуінің басты себебін айтты.

"Жеңіліс таптық. Жапондықтардың темірдей тәртібіне тәнті боласың. Біз барынша тырыстық. Жапондықтардың деңгейін мойындау керек, сыйластықпен қарау керек. Олар жеңіске лайық болды. Бізге концентрация мен алаңдағы тактикалық ойлау жетіспеді. Біздің келесі қарсыласымыз кешке анықталады. Бұл сайыста іріктеу кезеңінің жүйесі басқаша. Бәрі ертең белгілі болады", - дейді бас бапкер.

Гребенников олимпиадалық қалашық туралы да айта кетті. Бапкерге ұйымдастыру жағы қатты ұнаған. Айтуынша, жергілікті халық қонақжай әрі тазалыққа қатты мән береді.

Волейболдан Қазақстан құрамасы Азия ойындарында
Волейболдан Қазақстан құрамасы Азия ойындарында. Фото: Olympic.kz/Сали Сабиров

Айта кетейік, волейболдан Қазақстан құрамасы Азия ойындарындағы алғашқы кездесуінде Жапонияға есе жіберді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2037724-zapondyqtardyn-dengeiin-moiyndau-kerek-bas-bapker-voleibolsylar-zenilisin-tusindirdi/

pixel