Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасының жолдамасына қол жеткізе алмады

Опубликовано:

Демеу Жадыраев жарыс кезінде
Демеу Жадыраев жарыс кезінде Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Сербия астанасы Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатында грек-рим күресінен 77 кг дейінгі салмақта Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасының жолдамасы үшін болған белдесуде жеңіліп қалды, деп хабарлайды туризм және спорт министрлігі спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызмет

Демеу қола медаль үшін айқаста Малхас Амоянға (Армения) есе жібегеннен кейін Арам Варданянмен осы салмақтағы 5-лицензияны сарапқа салды. Аса тартысты өткен белдесуде 4-5 есебімен өзбек палуанының пайдасына аяқталды.

"Кеше төрт, бүгін үш белдесу өткіздім. Бұрын ірі додаларда мұнша күреспеппін. Сол себепті қиын болды. Өзбекстандық палуанмен бұған дейін бірнеше рет жолыққанмын. Биыл Астанадағы Азия чемпионатының ұтқанмын. Бірақ бүгін есем кетті. Жалпы чемпионатқа бабымда келдім. Қолдан келгеннің бәрін істедім. Елдің, бапкерлердің үмітін ақтай алмадым. Сол үшін бәрінен кешірім сұраймын",-деді Демеу спортты дамыту дирекциясыныңбБаспасөз қызметі берген сұхбатында.

Демеу Жадыраев жарыс кезінде
Демеу Жадыраев жарыс кезінде Фото: Спортты дамыту дирекциясы

2017 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері (71 кг) Жадыраев кеше іріктеуде Антонио Каменьяшевичті (Хорватия), Тойлы Оразовты (Түркменстан) және былтырғы чемпионаттың финалисі Золтан Леваиды (Мажарстан) жеңген. Алайда ширек финалда 2019 жылғы Ослодағы әлем чепионатының күміс жүлдегері, Еуропа жеңімпазы Санан Сулеймановқа (Әзірбайжан) есе жіберді. Бүгін күндіз жұбаныш белдесуінде молдовалық палуан Александрин Гутудан 7-2 есебімен басым түсті.

Бұдан бөлек, бағана қола медаль үшін таласта Марлан Мұқашев (55 кг) биылғы әлем чемпионы, ирандық Пуйа Дадмарздың мықты екенін мойындап, осы салмақты 5-орынмен аяқтады. Ол кеше 1/8 айналымда украиналық спортшыны ұтқан. Алайда ширек финалда бүгін 3 дүркін әлем чемпионы атанған Эльданиз Азизлиге (Әзірбайжан) жол берді.

Айта кетейік, 55 кг салмақ Олимпиада бағдарламасына кірмейді, ал 77 кг кіреді. Қазір Париждегі ойындарға лицензия ала алмаған палуандар келесі жылы әр құрлықтағы іріктеу турнирі мен 9-12 мамыр аралығында Ыстанбұл қаласында өтетін шешуші (World Olympic Qualifier) кезеңде әр салмақта қалған 3 жолдама үшін таласады. Осы тұста Түркияда қола жүлде алған екі спортшы тағы өзара күш сынасып, соңғы лицензияның иегерін анықтауы керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2037795-demeu-zadyraev-pariz-olimpiadasynyn-zoldamasyna-qol-zetkize-almady/

pixel