Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Азиада-2023: Ханчжоуда жазғы Азия ойындарының ашылу салтанаты басталды

Опубликовано:

Азия ойындарының ашылу салтанаты
Азия ойындарының ашылу салтанаты Фото: KAZ.NUR.KZ

Қытайдың Ханчжоу қаласында XIX жазғы Азия ойындарының ашылу салтанаты басталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Азия ойындарының ашылу салтанаты Олимпиадалық орталықтың стадионында өтеді.

Жазғы Азия ойындары 23-қыркүйек пен 8-қазан аралығында өтеді. Спорттық додаға 45 елден 15 мыңнан астам спортшы қатысады. Олар спорттың 40 түрінен 481 медаль үшін күресетін болады.

Айта кетейік, XIX жазғы Азия ойындарының ашулы салтанаты Qazport арнасының тікелей эфирінде көрсетіледі.

Еске сала кетейік, Азия ойындарына 500-ден астам қазақстандық спортшы қатысады.

Бұған дейін Ханчжоудағы олимпиадалық қалашықта ту көтеру рәсімі кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы көтерілген хабарлаған болатынбыз.

Оған қоса туризм және спорт министрі Қытайдағы Азия ойындарының ашылу салтанаты қарсаңында спортшылармен кездесіп, оларға сәттілік тіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2037830-aziada-2023-xanczouda-zazgy-aziya-oiyndarynyn-asylu-saltanaty-bastaldy/

pixel