Бүгін Ханчжоудағы жазғы Азия ойындарында дзюдодан 4 салмақ дәрежесі бойынша жүлделер ойнатылады. Қазақстан сапынан алғаш болып Абиба Әбужақынова татамиге шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Абиба алғашқы айналымда Филиппин спортшысын ұтты. Ал екінші кездесуде ол Солтүстік Корея балуанына қарсы шығады.
Сондай-ақ бүгін 52 келідегі Ғалия Тынбаева, 60 келідегі Мағжан Шамшадин мен 66 келідегі Ғұсман Қырғызбаев татамиге шығады.
Айта кетелік, Азия ойындарының тарихында Қазақстан атынан екі спортшы чемпион атанған.
2014 жылы Инчхондағы жазғы ойындарда Елдос Сметов чемпион атанса, 2018 жылы Джакартада Дидар Хамза жеңіске жеткен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2037846-abiba-abuzaqynova-aziya-oiyndaryn-zenispen-bastady/