Жазғы Азия ойындарында қазақстандық дзюдошы Ғалия Тынбаева келесі айналымға өтті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Жақында 52 келі салмаққа ауысқан Ғалия бірінші кезеңде жергілікті қытайлық спортшымен кездесті.
Белдесу өте ауыр өтті. Екі балуан да екі реттен шидо алып, кездесудің негізгі уақытында жеңімпаз анықталған жоқ.
Қосымша "голден скор" кезеңінде Ғалия қарсыласына ваззари әдісін жасап, жеңіске жетті.
Айта кетелік, бұған дейін Абиба Әбужақынова мен Мағжан Шамшадин келесі кезеңге өткен болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2037852-zazgy-aziada-galiya-tynbaeva-qytailyq-baluandy-oz-zankuierlerinin-aldynda-zenip-ketti/